Зерттеуде ЖИ-ды тиімді әрі этикалық қолдану (Демо + Сұрақ жауап) вебинарының жазбасы
Егер сіз зерттеуде жасанды интеллектті қолданып жүрсеңіз немесе қолдануды жоспарлап, бірақ оны жауапкершілікпен, академиялық адалдық талаптарына сай және тиімді пайдалану жолдарын білгіңіз келсе, осы вебинар жазбасы сізге пайдалы болады.
MethodMate.AI платформасы зерттеушілер мен университет қауымдастығына жасанды интеллектті тиімді әрі этикалық қолдану арқылы өнімділікті арттыруға және академиялық адалдықты сақтай отырып жұмыс істеуге көмектеседі.
Іс-шара мазмұны зерттеушілерге, докторанттарға, ғылыми жетекшілерге, ғылыми бөлім қызметкерлеріне, факультет/кафедра басшыларына және университет менеджерлеріне арналған.
Вебинарда талқыланған тақырыптар:
— Зерттеуде жасанды интеллектті этикалық қағидаларды бұзбай тиімді қолдану тәсілдері
— MethodMate платформасының IMRAD қағидасына негізделген мастер-промпттары зерттеу үдерісін идеядан жарияланымға дейін қалай жүйелейтіні
— Дереккөздерге сүйене отырып тексеру арқылы тәуекелдерді азайту және дәлелсіз тұжырымдардан сақтану жолдары
— Бейнесабақтар, тесттер және сертификаты бар зерттеу әдістері курсы арқылы дағды қалыптастыру мүмкіндіктері